Смартфон бетіндегі сызатты қалай кетіруге болады?

Бұл материалда сіз смартфон бетіне түскен сызаттарды маман көмегінсіз немесе экранды ауыстырмай-ақ кетірудің алты тәсілімен танысасыз.

0
Смартфон

Су жаңа смартфонның беткі қабаты сызаттсыз тегістігімен көз қуантады, әдемі көрінеді. Алайда қанша ұқыпты болуға тырыссаңыз да, жаңа күйін сақтау мүмкін емес. Ең көп пайдаланытын құралға зарар тимей қоймайды. Экранын ауыстырып немесе маман көмегіне жүгінбей-ақ бұрынғы қалыпына келтірудің қандай тәсілдері бар?

1. Тіс пастасы

Тіс пастасы және телефон

Экран бетіндегі сызатты кетірудің бірінші тәсілі тіс пастасының көмегі арқылы жүзеге асады:

  • Тіс пастасының аз бөлігін мақта тампонға немесе таза жұмсақ матаға жағыңыз.
  • Экрандағы сызат түскен аймақты ұқыпты дөңгелекте үйкелеңіз.
  • Дымқылдау матамен паста қалдықтарын сүртіп тастаңыз.

2. Автокосметика

автокосметика

Turtle Wax, 3M Scratch және Swirl Remover тәрізді көлік сыртына түскен сызатты кетіруге арналған кремдер смартфон бетіндегі сызаттарды толықтай кетіркге көмектесуі мүмкін. Автокосметиканың аз бөлігін мақта тампонға немесе таза жұмсақ матаға жағып, сызат түскен аймақты ұқыпты дөңгелекте үйкелеңіз.

3. Егеуқұм (наждачная) қағазы немесе шлифовальдік білдек

Егеуқұм (наждачная) қағазы

Ойға сыймайтындай көрінуі мүмкін. Алайда өте ұсақ түйіршікті егеуқұм қағазы мәселеден құтылуға көмектесе алады. Бұл тәсіл өте абай болуды талап ететіндіктен, қолданбас бұрын смартфон экраны тәрізді заттарға жасап көріп, жаттығу керек.

4. Ас содасы

Ас Содасы

Қол жетімді құрал ретінде ас содасы да сызатты кетіруге көмектесе алады:

Ас содасына қоюлығын жоғалтпай судың аз бөлігін құйыңыз. Оны жұмсақ матаға немесе мақтаға жағып, дөңгелете экранды сүртіңіз.

5. Балаларға арналған сеппе (присыпка)

Балаларға арналған сеппе

Судың аз бөлігімен араластырылған сеппе арқылы смартфон бетіндегі мәселеден құтылуға болады. Сеппеге ас содасына қолданған тәсілді пайдаланыңыз.

6. Өсімдік майы

Өсімдік майының бір ғана тамшысы белгілі уақыт аралығына телефоныңыздың экранына жылтырлық  береді. Сүрту үшін мақта немесе жұмсақ матаны пайдаланыңыз.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Пікір қосу