3,7 млн-ға тарта босқын баланың білім алуға мүмкіндігі жоқ

Босқындар отбасындағы 1,75 млн бала бастауыш және 1,95 млн жасөспірім орта мектепке бармайды. Әлемде шарасыздан қоныс аударушы 6 млн-ға тарта баланың 3,7 млн-ы білім алуға мүмкіндігі жоқ деп хабарлайды ТАСС.

Дереккөз: BAQ.kz
0
БҰҰ: Күн сайын Еуропаға 700-ге жуық босқын бала келеді
Көрнекі сурет

«Босқындардың 1,75 млн баласы бастауыш және 1,95 млн жасөспірімі орта мектепке бармайды. Әлем бойынша босқындардың білімсіз қалу қаупі бес есе жоғары», — делінген БҰҰ-ның босқындар ісі бойынша Жоғарғы комиссар басқарамасының (БЖКБ) Женевада жарық көрген баяндамасында.

БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі жоғарғы комиссары Филиппо Гранди бұл жағдайды «дағдарыс» деп бағалады. Оның айтуынша шарасыздан қоныс аударушылар үшін білім алу үлкен маңызға ие. Себебі бұл «олардың өмірін өзгертуге берілген азғана мүмкіндік».

Баяндамада келтірілгендей босқын балалардың тек жартысы ғана бастауыш мектепке барады. Ал әлем бойынша бастауыш білім алуға қолжетімділіктің орташа көрсеткіші 90 пайызды құрайды. Босқындар отбасындағы баланың жасы өскен сайын білім алуға мүмкіндігі азая түседі. Босқын балалардың 22 пайызы ғана орта мектепке барады және оның тек 1 пайызы ғана жоғарғы оқу орнына түседі. Ал әлем бойынша жасөспірімдердің 84 пайызы орта мектепте оқып, жоғарғы оқу орнына 34 пайызы түседі екен.

Сирияда 2,1 млн бала мен жасөспірім мектепке бармайды. Елдегі бес жыл ішіндегі қарулы қақтығыстар салдарынан білім берумен қамту 94 пайыздан 60 пайызға дейін төменген. БЖКБ мәліметі боынша Сириядан 4,8 млн адам қоныс аударса оның 900 мыңы мектеп жасындағы балалар.

БЖКБ баяндамасы БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының 19-20 қыркүйекке белгіленген жиынында қаралатын жаппай қоныс аудару мен босқындар мәселесіне арналып дайындалған. Жоғарғы комиссар басқармасы үкіметті, донорларды, халықаралық ұйымдар мен жеке меншік секторлардағы серіктестерді балалар мен жасөспірімдердің білім алуына белсенді көмектесуге шақыруды көздеп отыр. Аталған мекеме деректері бойынша 2015 жылдың соңында әлемде 65,3 млн шарасыз қоныс аударушылар болса, білім алуға мүмкіндігі жоқ босқын балалардың жартысынан астамы қазір жеті елде шоғырланған. Олар: Чад, Конго Демократиялық Республикасы, Эфиопия, Кения, Ливан, Пәкістан және Түркия.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Пікір қосу