Әлемде қанша интернет қолданушы бар?

Қазіргі таңда Жер бетінде 3,2 млрд адам интернет желісін пайдаланады. Бұл ғаламшардағы халықтың 43,4 пайызын құрайды, деп хабарлайды 24.kz.

Дереккөз: 7kun.kz
0
Интернет

Халықаралық электр байланысы одағының есебіне сәйкес, Жер тұрғындарының 95%-ы қозғалмалы ұялы байланыспен қамтамасыз етілген.  Одақтың болжамы бойынша 2015 жыл соңына дейін әлемдік желіге қосылу 46%-ды құрайды.

Есепке сәйкес, дамыған елдердің 81,3%-ы интернетпен қамтылған. Ал дамушы елдерде бұл көрсеткіш 34,1%-ды құрайды. Даму қарқыны мүлде бәсең мемлекеттердің  6,7-ы желімен қамтамасыз етілген.

Құжатта елдердің Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар бойынша даму индексі де көрсетілген. Рейтингте Оңтүстік Корея көш бастап тұр. Ал Дания, Исландия, Ұлыбритания, Швеция елдері алғашқы бестікке енген. Қазақстан 166 елдің арасында 53 орынды иеленді.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Пікір қосу