Головкинге қарсы әлеуметтік желілерде дау тудырған боксшылар

Головкин - Келл Брук кездесуінен кейін әлем боксшылары әлеуметтік желілерде Головкинге қарсы дау тудыруда. Дереккөз: Vesti.kz

0
Кәсіпқой боксшы Генадий Головкин

Головкин мен Бруктің кездесуі аяқталған соң америкалық боксшы Дэниэл Джейкобс өзінің Twitter желісіндегі парақшасында қазақстандық боксшыны кездесуге шақырып, өз кезегінің келгендігін айтты.

Дэниэл Джейкобс
Дэниэл Джейкобс

Ал бұл жазбаға жауап ретінде Головкин бүгін, кездесуге дайын екендігін хабарлады. 

Билли Джо Сондерс
Билли Джо Сондерс

Бұл диалогтардан кейін Билли Джо Сондерс та араласты. “Джейкобс қорқақ. #Белбеудікүтемін. Мен дайынмын, қорқақтар”, – деп жазды ұлыбританиялық боксшы. Айта кетейік, Сондерс осыған дейін Головкинға Борат жайлы айтып, намысына тиген еді.

Сауль "Канело" Альварес
Сауль “Канело” Альварес

Сауль “Канело” Альварес “Мен Головкинның кім болғанын және кім екенін білемін. Адамдар оны “нокауттар королі” деп атайды, себебі ол жекпе-жекті нокаутпен жеңді… Бірақ кімді нокаутқа түсірді? Ешкімді”, – деді  LA Times басылымына берген сұхбатында.

Еске сала кетейік, 11 қыркүйекте О2 Аренасында өткен жекпе-жекте Геннадий Головкин Келл Брукты бесінші раундта техникалық нокаутпен жеңген болатын. 

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу