Қазақстанның сыртқы қарызы 220,878 миллиард теңгені құрайды

Алдағы үш жылға арналған республикалық бюджеттің жобасын қарастыру барысында ҚР Парламенті Мәжіліс депутаттары үкіметтің мемлекеттік қарызы мәселесін тағы да қозғауға ниетті, - деп хабарлайды Today.kz тілшісі.

Дереккөз: today.kz
2
Внешный долг Қазақстан мемлекеттік қарызы

«Біз бұл мәселені қазір қозғап, бюджетті талқылау кезінде тағы көтермек ойымыз бар. Бюджетті талқылау барысында кейбір цифрларды өзгертуіміз де мүмкін», — деді қаржы және бюджет мәселелері жөніндегі комитет төрайымы Гүлжан Қарағұсова.

 «Мемлекеттік қарыз мәселесін үш рет көтердім. Үкімет мемлекеттік қарызды тек мемлекеттің қарызы деп қарастырады. Үкімет бізді мемлекеттік қарыздың ұйғарынды параметрлер шектерінен шықпағандығы жөнінде сендіріп, өз есептерін келтіреді. Нәтижесінде мемлекеттік қарызымызға байланысты жағдай өте шиеленісіп тұр», — деді депутат.

 Мәжілістің қаржы және бюджет мәселелері жөніндегі комитетінің мүшесі Аманжан Жамалов та «мемлекеттің қарыз алу жүйесі алаңдаушылық туғызатыны» туралы айтты.

 «Бұл борыштарды өтеу бойынша қызмет көрсету қомақты қаржыны керек етеді, өйткені бұл – қарызға алынған қаражат болғандықтан, оған үстеме төленеді. Борыштарды өтеу тұрақты валютамен жүргізілетіндіктен, кірістеріміз де валюта түрінде болуы тиіс.  Демек, бұл мұнай, газ сияқты сыртқа сатылған өнімнен түскен табыстармен тікелей байланысты. Бүгінгі бағалары тұрақсыз болғандықтан, мемлекеттердің экономикалары төмендеп, тұтыну үлесі кемігендіктен, біздің валюталық табыстарымыз, тиісінше, азаяды. Сондықтан борыштарымызды өтеу бойынша қызмет көрсету қиындай түспек», — деп түсіндірді депутат.

«2017-2019 жылдарға арналған  республикалық  бюджет туралы» заң жобасы бойынша, Мемлекеттік және мемлекет кепілдендірген қарыз, сондай-ақ, мемлекеттің кепілгерлігімен алынған қарыз мөлшері 10,9 триллион теңгеге жетті (1 АҚШ доллары үшін 338,87 теңге бағамы бойынша есептегенде 32,18 миллиард АҚШ доллары). Бұл соманың ішінде үкімет қарызы 9 триллион теңге, оның ішінде ішкі қарыз – 4,396 триллион теңге, сыртқы – 4,68 триллион теңге. ҚР Ұлттық банкінің ішкі қарызы 1,552 триллион теңге деп белгіленіп отыр.

 Мемлекет кепілдендірген қарыз 232,5 миллиард теңге, оның ішінде ішкі қарыз – 11,636 миллиард теңге, сыртқы қарыз – 220,878 миллиард теңгені құрап отыр.

 Мемлекеттің кепілгерлігімен алынған ішкі қарыз мөлшері 39,127 миллиард тенгені құрайды.

Еске сала кетейік, 2016 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша, Қазақстан Республикасының мемлекеттік және мемлекет кепілдендірген қарызы по 12,8 миллиард АҚШ долларын, немесе ЖІӨ 6,9 пайызын құраған болатын. Бұл туралы 21 маусым күні сол кездегі премьер-министр Кәрім Мәсімов мәлімдеген болатын.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

2 пікір

Пікір қосу