Илья Ильиннің Лондон Олимпиадасындағы алтын медалі ирандыққа берілуі мүмкін

Қазақстандық ауыр атлет Илья Ильинның Лондон Олимпиадасында жеңіп алған алтын медалі бесінші орын алған ирандық Саед Мохаммадпуруға бұйыруы мүмкін. Жақында Халықаралық ауыр атлетика Федерациясы (IWF) 2012 жылы өткен Лондон Олимпиадасында қола медальды иеленген молдовиялық Анатолий Кырыктан допинг табылғаны айтылған болатын - деп хабарлайды Хабар 24 арнасы. Дереккөз: 24 Хабар

0
Илья Ильин

Осыған дейін Лондон Олимпиадасының чемпионы Илья Ильин мен екінші орын алған ресейлік Александр Ивановтан да допинг табылғаны мәлім болды. Барлық ауыр атлеттер уақытша жарыстардан шеттетілді. Оларға қатысты шешім әлі шыққан жоқ. Бірақ медальдарынан айыру мүмкіндігі мол. Басқа ауыр атлеттерге осыған дейін дәл сондай қатаң жаза қолданылған болатын.

Егер бұл шешім қабылданса, Ильяның алтын медалі бесінші орын алған ирандық Саед Мохаммадпуруға бұйырады. Ал, сегізінші орын алған кореялық Ким Мин Джэ күміс жүлдегер атанса, тоғызыншы орын алған польшалық Томаш Зелинский қола жүлдені қанжығаға байлайды.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу