1. Жұмысқа алу жөніндегі өтініш

ҚР Еңбек кодексінде бұндай өтініштің нақты формасы бекітілмеген. Әдетте ол жұмыс берушінің атына жазбаша түрде жазылады.

2. Еңбек шартын жасау және тіркеу

Жеке еңбек шартында жұмыс беруші мен Сіздің, яғни жұмысшының реквизиттері, екі жақтың құқықтары мен міндеттері, еңбек шартының жарамдылық мерзімі, сіздің еңбек уақытыңыз бен еңбек ақыңыздың мөлшері көрсетіледі.  Ол екі данада жасалады да, оған екі тарап қол қояды. Еңбек шартының бір данасы сізде, екінші данасы жұмыс берушіде сақталады.

Жеке еңбек шартын жасау кезінде жұмыс беруші Еңбек кодекстінің 32 бабының, 1-2 бөлімдеріне сай, сізден төмендегі құжаттарды талап ете алады:

  • жеке куәлiкнемесе паспорт (он алты жасқа толмаған болсаңыз, туу туралы куәлiк) қажет;
  • Оралман болсаңыз, жергілікті атқарушы органдар берген оралман куәлігін ұсынасыз;
  • Азаматтығы жоқ адамның куәлігі. (Ол Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардан ғана талап етіледі);
  • Дипломдар мен түрлі сертифкаттар. Ол сіздің алған біліміңіз бен біліктілігіңізді куәландырады;
  • Еңбек кітапшасы. Ол еңбек өтілі бар адамдар үшін қажет.

Сондай-ақ, кәмелет жақа толмағандарға білім беру, оларды тәрбиелеу, демалыс ұйымдастыру және сауықтыру, дене шынықтыру және спорт, медициналық, әлеуметтік қызметтер көрсету, мәдениет және өнер саласына жұмысқа тұру сізден үшін қылмыстық құқық бұзушылықтың жоқтығын растайтын анықтама сұрайды.

Төмендегі қызмет түрлеріне орналасқыңыз келсе, сізге жоғарыдағы құжаттардан бөлек жемқорлық қылмыс жасамағаныңыз жөнінде анқытама мен медициналық куәландыру керек:

  • Азаматтық қызмет;
  • шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындар;
  • ұлттық басқарушы холдингтер;
  • ұлттық даму институттар;
  • ұлттық холдингтерге және ұлттық компаниялар, сондай-ақ олардың еншілес ұйымдарын басқаруға байланысты лауазымға тұру.

3. Жұмысқа қабылдау жөніндегі бұйрық шығару, оны тіркеу. Осы бұйрықпен жұмысшыны таныстыру

Жұмыс беруші сізбен жеке еңбек шартын жасасқаннан кейін, ҚР Еңбек кодексінің 34-бабына сәйкес, жұмысқа қабылдау жөніндегі бұйрықты шығаруға және оны тіркеуге міндетті. Бұл бұйрықпен сізді де таныстырады.

4. Еңбек кітапшасын жүргізу

Еңбек кітапшасын жүргізу ҚР Еңбек кодексімен бекітілмеген. Алайда, Сіз оның жүргізілуін талап етсеңіз, жұмыс беруші жүргізуге міндетті.

Еңбек кітапшасын жұмыс беруші сіздің еңбек қызметіңізді растау үшін жүргізеді. Ол «Жұмысы туралы мәліметтер» мен «Марапаттаулар мен көтермелеулер туралы мәліметтер» деген екі бөлімнен тұрады. Бұл «Еңбек кітапшаларының нысанын, оларды жүргізу және сақтау қағидаларын бекіту туралы» Заңның 2-бабында көрсетілген.

Еңбек кітапшасына:

1) Сіз туралы мәліметтер: тегіңіз, атыңыз, әкеңіздің аты, туған күніңіз, біліміңіз, біліктілігіңіз, мамандығыңыз;

2) Сіздің жұмысыңыз туралы мәліметтер: жұмысқа қабылдау, басқа жұмысқа ауыстыру, еңбек шартының тоқтатылуы;

3) Алған марапаттаулар мен көтермелеулеріңіз туралы мәліметтер енгізіледі.

Еңбек кітапшасына тәртіптік жаза қолдану туралы жазбалар енгізілмейді.

5. Зейнетақы қорына ақша аудару

ҚР Зейнетақымен қамсыздандыру туралы Заңның 25-бабына сай, жұмыс беруші сіздің Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы есебіңізге ай сайын еңбек ақыңыздың 10 пайызын аударып отыруы керек.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу