Интернет қолданушылары Хиллари Клинтонның егізі бар екенін дәлелдеді

Интернет қолданушылары АҚШ президенттігіне үміткер Хиллари Клинтонның егізі бар болуы мүмкін екенін айтты,-деп жазады USA TODAY.

0
Хиллари Клинтон
©nydailynews.com

Интернет қолданушыларының айтуынша, Клинтонды Нью-Йорктегі қайғылы шарадан кейін талып қалғандықтан, басқа біреу ауыстырғанын айтады.

Естеріңізге сала кетейік, Хиллариді салтанатты шарадан кейін көмекшілері алып кеткен еді. Алайда, бірер минуттан кейін 68 жасар саясаткер қайтадан сахнаға шығып, журналистерге өзін жақсы сезінетінін айтты. Бұл жағдай блогерлердің көңіліне күдік туғызды. Олардың айтуынша, Клинтон қайта оралғанда, ол түк болмағандай күйде болған. Құдды егізі шыққан-сынды.

Осы жағдайдан кейін әлеуметтік желілерде Хиллари мен оның егізінің физикалық айырмашылықтары “көрсетілген” суреттер белсенді түрде таратыла бастады. Онда Хиллари таңқы мұрын болса, егізінде керісінше; құлақтарының ұшы да ұқсамайды және егізінің сұқ саусағы қысқарақ, аяқтары да тым арық екені көрсетілген.

Хиллари Клинтон
twitter.com
Хиллари Клинтон
twitter.com

Хиллари Клинтон
twitter.com
Хиллари Клинтон
twitter.com

Бұл жаңалыққа Хиллари Клинтонға пародия жасап жүрген Тереза Барнвелл өзінің саясаткерді ауыстырмағанын айтады. Ол өзінің Twitter желісіндегі парақшасында:

“Мүмкін мен бүгін Нью-Йоркте болған шығармын…Кім білсін”,-деп жазды.

Кейінірек бұл жазбаны өшіріп, билікке жұмыс істеп үйренбегенін, 11 қыркүйек күні Лос-Анджелесте болғанын жазды.

Хиллари Клинтон
Тереза Барнвелл 20 жыл бойы АҚШ-тың экс-мем.хатшысы Хиллари Клинтонға пародия жасап келеді – twitter.com

Клинтон штабының өкілі Ник Мерриллдің хабарлауынша, АҚШ президенттігіне үміткер өкпе қабынуынан кейін сайлауалды кампаниясын бейсенбі күні жалғастырады. 

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!