Дариға Назарбаева ҚР Парламентінің Сенат депутаты болып тағайындалды

Дариға Назарбаева Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенат депутаты болып тағайындалды, - деп хабарлайды Ақорда.

1
Дариға Назарбаева

Дариға Назарбаева 1963 жылы 7 мамырда дүниеге келген. Қазақстан Президентінің үлкен қызы.

Михайл Ломоносов атындағы Мәскеу университетінің тарих факультетінде оқыған.

1985 ж. Қазақ мемлекеттік университетін бітірген.
1992 ж. — «Бөбек» балалар қайырымдық қорының вице-президенті.
1994 ж. — «Хабар» Ұлттық теледидар ақпарат агенттігінің директоры.
1995 ж. — «Хабар» агенттігі» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры.
1998 ж. — «Хабар» агенттігі» АҚ президенті.
2001 ж. — «Хабар» агенттігі» АҚ директорлар кеңесінің төрайымы.
2003 ж. — «Асар» партиясының лидері.
2006—2007 жж. — «Нұр Отан» партия төрағасының орынбасары.
2004—2007 жж. «Асар» партиясының тізімі бойынша Мәжіліс депутаты болып сайланған.
2012 жылғы парламенттік сайлаудан кейін Мәжіліс депутаты болып сайланды. Әлеуметтік-мәдени комитетінің төрайымы.

2015 жылдың 11 қыркүйегінен – Қазақстан премьер-министрінің орынбасары

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

1 пікір

Пікір қосу