Қорғаныс министрі болып Жасұзақов Сәкен Әділханұлы тағайындалды

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Сәкен Жасұзақов ҚР Қорғаныс министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

0
Жасұзақов Сәкен Әділханұлы

Жасұзақов Сәкен Әділханұлы 1957 жылы 25 қазанда Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданы Шалдар ауылында дүниеге келген.

Алматы жоғары жалпы әскери командалық училешесін (1978), Мәскеу әскери академиясын (1990) бітірген.

1978 — 1987 жылдары Балтық бойы әскери округінде барлау взводы командирі, барлау ротасы командирі, жеке барлау батальоны штабы бастығы қызметтерін атқарған.

1990 — 1994 жылдары Алматы қаласындағы ауданның азаматтық қорғаныс штабы бастығы, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі штабының барлау бөлімінде аға офицер, барлау басқармасының ғылыми-ақпарат бөлімінің бастығы.

1994 — 1996 жылдары Ресей Қарулы Күштері Бас штабы әскери академиясының тыңдаушысы.

1996 — 2000 жылдары Қазақстан Қарулы Күштері Бас штабы бастығының орынбасары, шұғыл жоспарлау департаментінің бастығы, армиялық корпус командирінің орынбасары, штаб бастығы болып жұмыс жасады.

2000 жылдан әскери құрама командирі.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Пікір қосу