Азия банкінің Қазақстандағы өкілдігіне жаңа басшы тағайындалды

Итальялық Джованни Капаннелли Азия даму банкінің Қазақстандағы өкілдігінің директоры болып тағайындалды.

0
Джованни Капаннелли
©static.akipress.org

Азия даму банкінің (АДБ) Қазақстандағы өкілдігінің жаңа директоры кеше өз міндетіне кірісті.

«Қазақстан тұрғындарына арналған жұмыс орнын ұсыну, экономикалық тұрақты өсім мен дамуды қамтамасыз ету үшін жағымсыз сыртқы факторларға бәсекеге қабілеттілікті, тұрақтылықты және экономикалық әртараптандыруды дамыту қажет», – дейді Джованни Капаннелли.

Джованни Капаннелли Азия даму банкінде қызметін 2002 жылы бастады. Осы тағайындауға дейін ол Орталық және Батыс Азия департаментінің бас экономисі,  АДБ мен АДБ институтында түрлі лауазымдарды атқарған.

Капаннелли мырзаның алғашқы кезектегі міндетінің бірі – 2017-2021 жылдарда АДБ-ның Қазақстанмен жаңа стратегиялық серіктестігін даярлау.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан 1994 жылдан бері АДБ-ның мүшесі болып келеді. Еліміз ауыл шаруашылығы, білім, қаржы, көлік, су құбыры және кәріз салаларын дамытуға арналған жобалар үшін 4,4 миллиард долларға жуық қарыз алды.

АДБ-ның бас кеңсесі Манила қаласында орналасқан. Ал оның қызметі инклюзивті экономикалық және тұрақты экологиялық өсім, сондай-ақ аймақтық интеграция арқылы Азия-Тынық мұхиты аумағында кедейлік деңгейін төмендетуге бағытталған.

1966 жылы құрылған банкі 2016 жылдың желтоқсанында 50 жылдық мерейтойын атап өтеді. Банкке 67 ел мүше. 2015 жылы АДБ көмегі, 10,7 млрд доллар ортақ қаржыландыруды қоса есептегенде, 27,2 млрд доллар болды.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!