«Хабар» арнасында «Өгей жүрек» фильмі басталады

19 қыркүйектен бастап «Хабар» арнасында Esentai Production продюсерлік орталығының кезекті туындысы «Өгей жүрек» сериалы басталады.

0
Өгей жүрек Кәмшат Жолдабева
©Хабар

Фильм режиссері Ернар Нұрғалиев. Ол осыған дейін «Махаббатым жүрегімде – 2», «Зәуре» фильмдерін түсірген еді.

Басты рөлдерді Кәмшат Жолдыбаева мен Дастен Шәкіров сомдайды.

Esentai продакшнның қаржыландыруымен шыққан бұл сериалдың сценарийі «Ғашық жүректің» екінші бөліміне ұқсайды. Әнші, актриса Кәмшат Жолдыбаева «Ғашық жүректе» өгей баланы асырап алса, «Өгей жүректе» де сол желі қайталанбақ.

Жаңа туындыда Бибігүл деген келіншектің қиындыққа толы тағдыры баяндалады. Күйеуінің сатқындығы мен баласын жоғалтуына қарамастан, өз өмірі үшін күреседі. Бибігүлдің ойынша, баланың бөтені болмайды. Естеріңізге сала кетейік, «Өгей жүректің» сценарийін жазған Қуаныш Тоханов.

12 сериалдан тұратын фильм 2016 жылдың маусым және шілде айларында түсірліген еді. Әр бөлімі 40 минутқа созылады.

Сериал 19 қыркүйектен бастап, жұмыс күндері кешкі сағат 19:40-та қазақ тілінде орыс субтитрімен шығады.

 

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу