Головкин бесінші раундқа дейін Бруктан ұпай санымен ұтылып жатқан

Британдық боксшы Келл Бруктың промоутері Эдди Хирн Туиттердегі парақшасында қазақстандық Геннадий Головкинмен айқасындағы төрешілер хаттамасының суретін жария етті, деп хабарлайды, Sports.kz.

0
Геннадий Головкин

Төрт раундтан кейін арбитр Бену Русселдің картасында  есеп 39:37, басымдық Брукке берілген, ал Крейг Меткалф пен Гвидо Кавальериде ұпай 38:38 деп көрсетілген.

Еске сала кетсек, Головкин Брукті техникалық нокаутпен бесінші раундта ұтқан болатын. Британдық спортшының бапкері Доминик Ингл шаршы алаңға ақ ормалын лақтырды, өйткені боксшының денсаулығына қауіп төне бастаған еді.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу