Бас бет Видео «Анаға апарар жол» фильмінің шығатын күні белгілі болды

«Анаға апарар жол» фильмінің шығатын күні белгілі болды

29 қыркүйекте қазақстандық прокатқа Ақан Сатаевтың көптен күткен «Анаға апарар жол» фильмі шығады.

0

Картинаның өндірісімен киностудия «Қазақфильм» және «Новый Мир Продакшн» айналысты.

Анаға апарар жол«Анаға апарар жол» өмірдің талай сынағанын өткен ер адам туралы. Оған барлық қиындықтардан мойымай өтуге анасының махаббаты көмектеседі. Кейіпкердің өмірлік жолы арқылы қазақ халқының тарихи ғасырлары көрсетіледі.

Фильм өткен жылдан бастап Қазақстанда, Әзірбайжанда және Беларусияда түсірілді.

Басты кейіпкерлердің рөлін Алтынай Нөгербек, Әділ Ахметов, Аружан Джазильбекова және Еркебұлан Дайыров ойнады.

Анаға апарар жол Ақан СатаевКөктемде алғашқы болып кинолентаны мемлекет басшысы Нұрсуұтан Назарбаев тамашалады. Осыдан кейін Ақан Сатаевтың фильмі Мәскеудегі және Монреалдағы фестивальдарға қатысты.

Сценарий авторы Тимур Жақсылықов, ерекше саундтрек компазиторы — Алим Заиров.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Пікір қосу