Жұматай Әлиев Қазақстанда жасанды түсік жасатуға тыйым салуды ұсынды

Мәжіліс депутаты Жұматай Әлиев үкіметке елдегі демографиялық ахуалды жақсартуға бағытталған іс-шараларды қолға алуды ұсынды. Дереккөз: Караван

1
Бала көтеру, жасанды түсік

Сәрсенбі күні үкімет басшысы Серік Ахметовке жолдаған сауалымен таныстырған халық қалаулысы осындай мәселе көтерді. Оның ойынша, Қазақстанда жасанды түсік жасатуға тыйым салынып, ондай операцияларға тек арнайы медицина мекемелерінде, ана мен бала өміріне қауіп төнген жағдайда ғана рұқсат етілуі тиіс. Сонымен қатар, дүние есігін ашқан әр сәби үшін 300 мың теңге көлемінде бір реттік жәрдемақы тағайындау қажет.

Бұл бала туу көрсеткішін арттыруға мүмкіндік береді, дейді ол. «Бірқатар мемлекеттердің тәжірибесі бойынша аналар капиталын қалыптастыру қажет. Ресейде ол 10 мың долларға жуықтайды, ал араб елдерінде 20 мың доллар», – деді Жұматай Әлиев. Оның айтуынша, «мемлекет жалғыз ілікті аналарды қамқорлыққа алып, оларға жан-жақты әлеуметтік көмек көрсетуі тиіс».

«Азаматтық неке мен ажырасушылар саны жыл сайын артып барады. Соған байланысты неке және отбасы туралы заңға баланы тәрбиелеуде ата-ана жауапкершілігін күшейту қажет», – деді депутат.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

1 пікір

  1. Егер бұл саясат жүзеге асса елімізде жетім бадлалардың саны артпайма? Жалғыз басты аналардың жағдайын жасау олардың некесіз бала көтеруін қолдау көрсету болып табылмайма? Мен бұл тақырыпқа келіспеймін.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!