Келл Брук: Головкинмен келесі кездесуге дайынмын

Британдық боксшы GGG-мен келесі жекпе-жекке шығуға дайын екендігін айтты. Бұл туралы vesti.kz хабарлайды.

0
Келл Брук
Келл Брук

Бесінші раундта Бруктың командасы жекпе-жекті тоқтатуға белгі беріп, жеңілісті мойындады.

“Мен бұдан күшті соққылар күткен едім. Иә, екінші раундта көзімнен ауыр соққы алдым. Онымен ешкім жекпе-жекке шықсы келмейді, бірақ мен онымен тағы шығуға дайынмын. Мен толық ашыла алмадым. Өзімді тым қабілетсіз де көрсетпедім деп ойлаймын. Алда Сауль “Канело” Альвареспен де шығуға дайынмын. Жаттықтырушылар дұрыс шешім жасады деп ойлаймын, бірақ менің жекпе-жекті жалғастыруға қауқарым бар еді, дейді рингтен кейін Брук.

Еске сала кетейік, бүгін О2 Аренасында өткен жекпе-жекте орта салмақтағы WBA (Super), IBO, IBF және WBC бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин екінші жартылай орта салмақтағы IBF белбеуінің иегері Келл Брукты техникалық нокаутпен жеңді. Бүгінгі жекпе-жек әлемнің ең мықты  P4P-боксшысын анықтады.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!