Елбасы премьер-министрлікке Бақытжан Сағынтаевты таңдау себебін айтты

Конституцияның 44-бабына сәйкес, Елбасы Парламент Мәжілісінің қарауына Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі лауазымына Бақытжан Сағынтаевтың кандидатурасын ұсынды. Дереккөз: BAQ.kz

10
Бақытжан Сағынтаев

– Облыстардың, Астана мен Алматы қалалары әкімдерінің қатысуымен өткен Үкіметтің бүгінгі кеңейтілген отырысында жаңа министрлер кабинеті шешуге тиісті бірқатар жаңа міндеттер қойдым. Әлемдік экономика мен саясаттың қазіргі тұрақсыздығы жағдайында стратегиялық бағдарламаларымызды іске асыруды жалғастыру маңызды. Үкіметтен барлық бағыт бойынша нақты, сауатты жұмыс талап етіледі. Бақытжан Сағынтаев жаңа Үкімет жұмысының сабақтастығы мен тиімділігін сақтау үшін лайықты кандидатура деп ойлаймын, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мәжіліс депутаттары Премьер-Министр лауазымына ұсынылған Б.Сағынтаевтың кандидатурасын бірауыздан мақұлдады.

Б.Сағынтаев көрсетілген сенім үшін алғыс білдіріп, жүктелген міндеттерді орындауға бар күш-жігері мен білімін жұмсайтынын айтты.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

10 пікір

  1. Елбасымыз не істесе де қолдаймын. Өзі осы елде өніп-өскен, ұрпағы да осы жерде. Не істесе де ел үшін.

  2. Сағынтаевқа лауазымы құтты болсын деп тілейміз! өзіне ғана емес, ЕЛ үшін құтты болсын! Атқаратын істері ел игілігі үшін болсын.

  3. Мемқызметте не саяси ойлай алмайтын, не ел келешегін болжай алмайтын, жүрегі таза емес, ұлт мүддесі дегеннен мақұрым, мәңгүрт, шала-шатыстардан гөрі осындай азаматтар көп болса екен, қазақ елі қалай өркендер еді !!!
    Аллам сені қолдасын, Бақытжан!
    Сіз өзіңіздей адал азаматтарға ел үшін қызметтерінде жағдай жасайды деп сенеді халқыңыз.

Пікір қосу