АҚШ Samsung Galaxy Note 7 смартфонынан бас тартуға үндейді

АҚШ билігі Samsung Galaxy Note 7 смартфонын пайдаланудан бас тартуға шақырды. Бұған дейін компания аккумулятордағы ақауға байланысты телефон сатуды тоқтатқан болатын, деп хабарлайды ресейлік РБК агенттігі. Дереккөз: ҚазАқпарат

0
Samsung Galaxy Note 7
Көрнекі сурет

АҚШ-та Galaxy Note 7 өндіруді және сатуды тоқтату, сатылған өнімді кері қайтару өткен аптада басталды. Американың Тұтынушылар тауарының қауіпсіздігі жөніндегі комиссиясы мәлімдеме жасады. Онда комиссияның оңтүстіккорейлік компаниямен тауарын барынша тез кері қайтарып алуы бойынша жұмыс істеп жатқаны айтылған.

Бір күн бұрын Американың Федеральдық авиациялық басқармасы жолаушылардан ұшу барысында Samsung Galaxy Note 7-ні пайдаланбауды талап етті. Оған пайдаланушының қуаттау барысында телефонның көлік ішінде жарылып кететіндігі себеп болған еді.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу