Таң қалдым. Мен финалда қарсыласымды аяған жоқпын. Екінші раундтан кейін қанша ұпай жинағанымды білмеймін, бірақ жаттықтырушым “Соғуды тоқтатпа”,-деді. Жалғастыра бердім. Егер сол кезде алтын алғанымда бокстағы мансабымды аяқтар ма едім?”

WBA (Super), IBO, WBC и IBF чемпионы Геннадий Головкиннің Афина олимпиадасында алтын алмайтыны алдын ала шешілген. Бұл туралы әлем чемпионы Telegrapg.co.uk сайтына берген сұхбатында айтты.

Естеріңізге салайық, Афина олимпиадасында Головкин ресейлік Гайдарбек Гайдарбековпен жұдырықтарсып, алтын ресейлікке бұйырған болатын.

“Гайдарбек ол кезде жеңіске жетті. Әділ емес, бірақ жеңді. Бәрі дұрыс. Мен бұл жүйенің қалай жұмыс істейтінін түсінемін” – Геннадий Головкин

Бұл жеңіліс туралы Геннадийге ресми өкіл хабарлаған. Бірақ GGG оның атын атамады:

“Жартылай финалда маған: “Алтын медаль тек бір қазақстандық боксшыға бұйырады”,-деді. Мен: “Жарайды, тырысамын”,-десем, “Бірақ саған емес, орта салмақтағы боксшыға бұйырады”,-деді. Таң қалдым. Мен финалда қарсыласымды аяған жоқпын. Екінші раундтан кейін қанша ұпай жинағанымды білмеймін, бірақ жаттықтырушым “Соғуды тоқтатпа”,-деді. Жалғасытра бердім. Егер сол кезде алтын алғанымда бокстағы мансабымды аяқтар ма едім?”

Қазақстандық боксшы кәсіпқой боксқа 2006 жылы ауысқан еді. Бүгінгі күнге дейін 35 кездесу өткізіп, бәрінде жеңіске жеткен. Оның 32-сін нокаутпен құлатқан. GGG-дің 36 кездесуі 10 қыркүйек күні Лондонда өтеді. Қарсыласы ұлыбританиялық Келл Брук.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!