iPhone 7 смартфонының Қазақстандағы бағасы белгілі болды

Қазақстанда iPhone смартфондарының жаңа нұсқасы 17 қыркүйекте сатылымға шығады. Apple компаниясының айтуынша, қазіргі уақыттың өзінде қазақстандықтардан алдын-ала 35 тапсырыс келген. Дереккөз: tengrinews.kz

0
IPhone7

Apple компаниясы өкілдерінің айтуынша, алдын ала тапсырыс берген жағдайда iPhone смартфондарының бағасы 612 мың теңгеден 782 мың теңгеге дейін жетеді:

Сыйымдылығы 32 гигабайт iPhone 7 смартфоны – 612 мың тұрса;

Сыйымдылығы 128 гигабайт iPhone 7 смартфоны – 680 мың теңге;

256 гигабайт сыйымдылықтағы iPhone 7 смартфоны – 748 мың теңге.

Сондай-ақ, iPhone 7 Plus смартфондарының да бағасы белгілі болды.

Сыйымдылығы 32 гигабайт iPhone 7 Plus – 646 мың теңге;

128 гигабайт – 731мың теңге;

256 гигабайт сыйымдылықтағы iPhone 7 Plus 782 мың теңге.

“Мечта” желісіндегілердің айтуынша, олар жаңа смартфондардың дүкендерде қашан пайда болатынын және бағасы қанша болатынын әзірше білмейді. Бірақ olx жарнамалар сайтында iPhone 7 смартфондарын тапсырыспен сатып алу туралы хабарламалар жарияланған екен. Ол сайтта жаңа смартфондардың бағасы 270 мың теңгеден 500 мың теңгеге дейінгі бағаларды көрсетіп тұр.

Айта кетейік, АҚШ-та жаңа iPhone 7 смартфонының бағасы 649 доллардан басталады. Ал iPhone 7 Plus бағасы 769 доллардан басталады екен. Ресейлік Apple Store сервисінде iPhone 7 смартфондарының жаңа нұсқалары 56 990 рубльден басталса, iPhone 7 Plus бағасы 67 990 рубль тұрады.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!