Өзбекстанның уақытша Президенті тағайындалды

Өзбекстан парламенті қос палатасының бірлескен отырысында премьер-министр Шавкат Мирзияев Өзбекстан президентінің міндетін уақытша атқарушы болып бекітілді. Дереккөз: 365info.kz

0
Шавкат Мирзияев
Шавкат Мирзияев

«Шавкат Мирзияев бүгін Өзбекстан президентінің міндетін уақытша атқарушы болып бекітілді, сенат төрағасы Ниғматулла Юлдашев  бұл қызметтен өзі бас тартты», — деп хабарлайды РИА Новости агенттігі.

Еске сала кетейік, Өзбекстанның тұңғыш Президенті Ислам Кәрімовтың 2 қыркүйекте дүниеден өткендігі ресми хабарланды.

Өзбекстанның уақытша Президент қызметіне тағайындалған 58 жастағы Шавкат Мирзияев 2003 жылдан бері үкіметті басқарып келді.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!