Көшпенділер ойыны-2016 аяқталды

Чолпан-Ата қаласында ІІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жабылу салтанаты өтті. Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте 3-орынға тұрақтады. Дереккөз: Baq.kz

0
Көшпенділер
Көрнекі сурет

Қырғызстанның Чолпан-Ата қаласында 6 күнге созылған байрақты бәсекеде 26 ұлттық спорт түрінен 387 медаль жиынтығы, атап айтсақ, 111 алтын және күміс, 165 қола жүлде сарапқа салынды.

ІІ Дүниежүзілік Көшпенділер ойынында жалпыкомандалық есеппен 1-орынды 79 жүлдемен (25 алтын, 25 күміс, 29 қола) Қырғызстан құрамасы иеленді. Ал 15 алтын, 3 күміс, 6 қола, жалпы 24 медальмен екінші орынды Түрікменстан алды. Үздік үштіктің қатарына 12 алтын, 13 күміс, 13 қола, барлығы 38 медальмен қазақ елі кірді.

Келесі дүниежүзілік көшпенділер ойындары екі жылдан кейін өтеді. Байрақты бәсекенің қай мемлекетте өтетіндігі алдағы уақытта анықталатын болады.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!