ОҚО-да көп балалы анаға ауыл тұрғындары үй салып беріп жатыр

Оңтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауылының тұрғындары асар жасап, жалғызбасты көп балалы анаға үй салып беріп жатыр, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. Дереккөз: Bnews.kz

9
Көп балалы ана

Кенже қызы дүниеге келгенде Манат Есенбекованың күйеуі отбасын тастап кетіп қалған. Көп балалы әке жауапкершіліктен қашыпты. Әйелдің айтуынша, дәрігерлер кішкентай қызына ауыр диагноз қойған. Содан бері 30 жастағы ана төрт баланы жалғыз өзі асырап жүр. Қыста киетін жылы киімі болмағандықтан, балалары мектепке де бара алмаған.

Балалы үй көпбалалы ана

«Үлкен қызым 11 жаста, ал кішісі алтыда, өзі ауырады. Бұрын ағаларым, көршілер қол ұшын созатын. Өз баспанамның болуын көптен бері армандап жүр едім. Бізге жәрдемдесіп, қолғабыс етіп жатқан қайырымды жандарға алғыс айтамын», – дейді Манат Есенбекова.

Көп балалы ананың қиын жағдайда қалғанын білген ауыл тұрғындары «Бақыт керуен» қайырымдылық қорын құрған. Қор белсенділері қолдан келген көмегін аянып қалып жатқан жоқ: бүлдіршіндерді қажетті киіммен, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етті, мектепке дайындады.

Балалы үй көпбалалы ана

Балалы үй көпбалалы анаАуыл халқы бір адамдай болып игі іске ақша жинаған. Директор Аждар Мырзалиевтің айтуынша, қор бұдан былай мұқтаж отбасыларға көмек көрсетуін жалғастырады. Ауыл халқы баспана құрылысын қысқа дейін аяқтауды жоспарлап отыр.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

9 пікір

  1. Бәрекелді! Жесірін жылатпаған қазағымды мақтан етемін! Қыйын-қыстау кезеңде көмек қолын созған барша азаматтарға Аллаhтың нұры жаусын!

  2. Ей,Еміренген есіл ерлер,елжіреген елім менің Алладан сансыз сауап болсын,бастарыңа бақ қонсын!!

  3. Сол уй салып берип жаткан адамдарга алланын нуры жаусын алла берип турса табады гой оны алгызып кунага батканша алла биреуге береди баланы биреуге бермейди алла разы болсын осындай азаматтар коп болсын

  4. Керемет бул азаматка .калык разы Алла разы бул керемет бастама осындаи азаматтар кобеие берсин алла разы болсын

  5. Алла разы болсын. Осыны окыметтын колынан келедыгой ….дегенмен уят деуге болат окымет басшыларына

  6. Ооо Керемет.Алла разы болсын!Жақсы болған екен.Қуаныштымын!Осындай игі жақсы адамдар.тұрғындар.көршілер көбейе берсін!

  7. Баспанасыз 4 Балалы анаға жабылып бір ауыздан үи салып беріп жатқан үржар ауылының берекелі тұрғындарына мың алғыс алланың нұры жаусын. Əрдаиым тек осындаи игі істер жасайық ағайын

Пікір қосу