Владимир Жұмақанов президенттің кеңесшісі болды

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Владимир Жұмақанов Қазақстан президентінің кеңесшісі болып тағайындалды деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

0
Владимир Жұмақанов

Бүгін Назарбаев Жұмақановтың орнына ҰҚК төрағасы етіп премьер-министр қызметіндегі Кәрім Мәсімовті тағайындаған.

Жұмақанов ҰҚК төрағасы қызметіне 2015 жылы желтоқсанның соңында тағайындалған. Мұның алдында ол бірнеше жыл бойы ҰҚК төрағасының орынбасары болған.

Ол 1955 жылы 7 қарашада РКФСР-дың Свердлов облысы Гарин ауданының Дулково ауылында дүниеге келген.

С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін (1977); Ф.Э. Дзержинский атындағы КСРО МҚК жоғары Қызыл Тулы мектебін (1989) бітірген.

1977 жылдан — С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің ғылыми қызметкері. 1982 жылдан — қауіпсіздік органдарында — ҚР ҰҚК Департаментінде бөлім бастығының орынбасары, бөлім бастығы, басқарма бастығы, Департамент бастығының орынбасары, ҚР ҰҚК төрағасының кеңесшісі. 2001 жылдан — ҚР ҰҚК Лаңкестікке қарсы күрес департаментінің бастығы. 2010 жылдың қыркүйек айынан бері — ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары.

II дәрежелі «Айбын» (2004), II дәрежелі «Даңқ» (2008) ордендерімен; 8 медальмен марапатталған. ҚР ҰҚК Құрметті қызметкері. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің генерал-лейтенанты (04.05.2012).

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!