Киім этикеткасындағы тосын жазулар (сурет)

Киім этикеткаларында оқитын ештеңе болмайды дейтіндер қателеседі. Кейбір дизайнерлер ол жерге небір "тосынсый" жасырып қояды. SZH.kz киім өндірушілердің де әзілдей алатынын дәлелдейді. Дереккөз: Adme.ru

0
этикетка
"Ер немесе әйел адаммен де жуыла береді #ЖұмыстыБөлісіпАлыңдар"

etiketka

“Жеуге жарамсыз.

Өнімді денеңізде үтіктемеңіз.

Қысқа толқынды пеште кептірмеңіз.

“Супермен” жейдесі ұшу қабілетін бермейді”.

etiketka2

“Күтуге арналған нұсқаулық:

  1. Жиі биле
  2. Айналаңдағылардың бәрін жақсы көр
  3. Тісіңді тазала
  4. Жиі күлімде
  5. Сирек мұңай
  6. Су сияқты бол”

etiketka3

“Иістене бастаса, ЖУ!

Бұл киіммен қыдыруға, сырғанауға, саяхаттауға, ұйықтауға, билеуге, ұшуға болады.

Жүзуге болмайды.

Литвада жасалған (кешір, Қытайда)”

 

etiketka5

“Жамылғы.

Нұсқаулық: жамылып алып, зефир жеп,  какао ішу керек”

etiketka6

“Жақсы нәтиже үшін:

Салқын суда жуу;

Төменгі температурада кептіру;

Суретін үтіктемеу керек.

Жаман нәтиже үшін:

Көліктің артына байлап, шалшықтан сүйреп өткізу;

Жүксалғыштың төбесінде кептіру керек”.

etiketka7

“100% мақта.

Салқын  суда жуу керек.

Жейдені шешіп тастайтындай ыстық ешқашан болмайды. Ондай жігіт болма”.

etiketka8

“Егер жүзіңе күлкі үйірілтпесем, демек сенің бетіңде бір нәрсе дұрыс емес. Дәрігерге қарал. Немесе мені үйіңде киіп жүр. Мені машинада жуып, кептіруге болады, бірақ мен үтіктегенді ұнатпаймын. Ағарту тіпті ашуыма тиеді. Менің 90%-ым мақта, 10%-ым полиэстер. Мені АҚШ-тан әкелінген материалдан Мексикада жасаған”.

etiketka9

“Аспанда жасалған.

Тед, біз саған сенеміз”.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу