Үйіне тіркеусіз тұрғызғандарға айыппұл мөлшері көбейтіледі

"ҚР кейбір заңнамалық актілеріне экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын аясында үйде адамдарды тіркеусіз тұрғызғаны үшін үй иесінің жауапкершілігін күшейту көзделіп отыр. Дереккөз: Baq.kz

0
Шымкент тұрғын үй

Атап айтқанда тіркеусіз, құжатсыз азаматтарға пәтерін жалға бергендерге ескерту мерзімін қысқартылып, айыппұл көлемі артуы мүмкін.

«Бұл жерде біз «прописка» туралы айтып отырған жоқпыз. Қазір «уақытша тіркеу» деген қызмет бар. Заңға сәйкес, үй иесі он күннің ішінде ол адамдарды «уақытша тұрушы» ретінде тіркеп қойса болды, артынан ол үйде қанша тұрса да, өз еркі. Ал адамды уақытша тіркеу үшін көп құжаттың қажеті жоқ. Жеке куәлік болса болды. Біз ел қауіпсізігі мақсатында адамдардың көші-қонын бақылауда ұстауымыз қажет. Осыны дұрыс түсініңіз», – дейді Р.Жақыпов.

Сонымен қатар, заңсыз мигранттарды тіркеу міндетін пәтер иеленушілері кооперативтеріне жүктеу ұсынылды. Ішкі істер министрлігі осы бастамамен келісіп отыр. Бірақ оны заң жүзінде бекіту керек.

Әзірше, бұл мәселе ұсыныс ретінде енгізіліп отыр. Депутаттар оны әлі де жұмыс тобы аясында кеңінен пысықтауды ұйғарды.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!