Мектеп бағдарламасына «Кәсіпкерлік негіздері» пәні енгізіледі

2019 жылдан бастап мектеп бағдарламасына «Кәсіпкерлік негіздері» пәні енгізілетін болады. Бұл туралы Астанада өтіп жатқан «Білім беруді дамытудың перспективалық модельдері» атты дөңгелек үстелде ҰКП басқарма төрағасының орынбасары хабарлады.

0
Мұрат Әбенов

«Біз жұмысқа қайда, қалай орналасам деп деп бас қатырмайтын, керісінше, бизнесті өздері құратын мамандарды даярлауға тиіспіз. Кәсіпкерлікке оқыту білім берудің барлық деңгейінде, мектеп партасынан жүргізу қажет, — дейді Мұрат Әбенов.

ҰКП басқарма төрағасының орынбасары жаңа пәннің тиімділіктерін атап көрсетіп, шетелдердегі тәжірибені мысалға келтірді. Данияда және скандинавия елдеріндегідей кәсіпкерліктің іргетасы мектеп бағдарламасынан бастап қалау ұлт болашағына пайдалы екенін жеткізді. Білім және ғылым министрлігіне «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының бұл бастамасын қолдады.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Пікір қосу