Бүгін Өзбекстан президент міндетін атқарушыны тағайындайды

Бүгін Тәшкентте Өзбекстанның заң шығарушы палатасы мен Олий Мәжілісі сенатының бірлескен отырысы өтеді. Онда И. Каримов қайтыс болғаннан кейін президент сайлауы өткенше, президент міндетін уақытша атқарушыны тағайындалады. Дереккөз: Central Asia

0
Өзбекстан

Өзбекстан Конституциясының 96-бабы бойынша, «қазіргі президент өзінің міндетін атқара алмаған жағдайда, оның міндетін елдің Олий Мәжілісі сенатының төрағасы атқарады. Үш айдың ішінде «Өзбекстан Республикасының Президентін сайлау туралы» заңға сәйкес сайлау өтеді» делінген.

Олий Мәжілісі сенатының төрағасы қызметін 2015 жылғы қаңтардан бастап Нигматулла Юлдашев атқарып келеді. Одан бұрын Сенат төрағасы әділет министрі қызметін атқарған, ал оның алдында Өзбекстанның бас прокурорының орынбасары болған.

Ислам Каримовтің өлімі туралы ресми ақпарат 2 қыркүйекте жарияланды. Өзбекстанның тұңғыш президентін 3 қыркүйекте Самарқанда жерледі.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу