Риода Паралимпиада ашық деп жарияланды

Бразилия президентінің міндетін атқарушы Мишел Темер Рио-де-Жанейродағы XV Жазғы Паралимпиаданы ашық деп жариялады. Әлемдік додада Қазақстан атынан 11 спортшы ел намысын қорғайды. Дереккөз: ҚазАқпарат

0
Паралимпиада 2016

“Маракана” аренасында болған салтанатты рәсім кезінде сөйлеген сөзінде ел президенті Темердің  сөйлеп жатқан кезінде жұртшылық бірнеше рет ысқырып, наразылықтарын білдірді, деп хабарлайды ТАСС.

Сондай-ақ, өз кезегінде Халықаралық паралимпиядалық комитеттің  басшысы (IPC) Филипп Крейвеннің Бразилия үкіметіне алғыс білдірген шағында да осындай жағдай қайталанды.

Рио Паралимпиадасы 18 қыркүйекке дейін жалғасып, спорттың 22 түрінен 528 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Қазақстан Паралимпиада спорты тарихында алғаш рет 11 жолдама жеңіп алып, спорттың бес түрінен ел намысын қорғайды.

Еске сала кетейік, Лондондағы паралимпиада ойындарына қазақ елінен 7 спортшы 3 спорт түрінен өнер көрсеткен болатын. Оның ішінде үшеуі үздік ондыққа кірді.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!