2026 жылы футболдан әлем чемпионаты үш елде қатар өтуі мүмкін

ФИФА президенті Джанни Инфантино 2026 жылы өтетін футболдан әлем чемпионаты үш бірдей елде өтуі мүмкін екенін айтты. Бұл туаралы ол Associated Press ақпарат агенттігіне берген сұхбатында хабарлады.

Дереккөз: ҚазАқпарат
0
Қазақстан футзал әлем чемпионаты

ФИФА басшысының айтуы бойынша, 10 жылдан кейін өтетін доп додасы АҚШ, Канада мен Мексика елдерінде қатар өтуі мүмкін. Аталған мемлекеттер өтініштерін дайындап үлгерген. Сонымен қатар, Инфантино мундиалға қатысатын командалар саны 32-ден 40-қа дейін өсуі мүмкін екенін айтып өтті.

«Мен әлем чемпионатына 40 құрама қатысқанын қалаймын. Бұл жеке көзқарасым ғана. Біз бұл мәселені алдағы уақытта талқлап, футбол үшін қандай жағдайдың жақсы әсер ететінін ақылдасуымыз керек. Біз Францияда өткен ЕУРО-да бұның нәтижесін көрдік. Сондықтан 40 қатысушы құрамалар футболдың дамуына үлкен сеп болады деп санаймын.», — деді Джанни Инфантино.

Еске сала кетейік, футболдан 2018 жылғы әлем чемпионаты Ресейде болса, 2022 жылғы дода Катарда өтеді.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Пікір қосу