Олимпиада чемпиондары атына берілген спорт кешендері

Рио олимпиадасының чемпионы Дмитрий Баландин атында бассейн ашылғанда жұрттың пікірі екіге бөлінген еді. Бірі жас спортшының атына спорт кешенін беруді қолдаса, келесі жақ құптамады. Осы орайда олимпиада чемпиондарының құрметіне аталған спорт кешендерін түгендеп шығуды жөн көрдік.

0
Баландин атындағы бассейн
©kaznu.kz

Бекзат Саттарханов атындағы Оңтүстік Қазақстан облыстық дарынды балалардың спорт мектеп-интернаты

Бекзат Саттарханов атындағы интернатЕлбасы Н.Ә.Назарбаевтың ұсынысымен 1996 жылы 31 шілдеде Шымкент қаласында ашылған. Осы мектептің алғашқы түлектерінің бірі Сидней олимпиадасының чемпионы Бекзат Саттархановты мәңгі есте сақтау мақсатында есімі берілген.

Мектепте бокс, дзюдо, грек-рим, еркін күрес,ауыр атлетика, футбол, жеңіл атлетика сынды спорт түрлері оқытылады.

Жақсылық Үшкемпіров атындағы спорт кешені

Жақсылық Үшкемпіров атындағы спорт кешеніҚазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы есімі берілген мектеп Алматы облысына қарасты Жамбыл ауданы Мыңбаев ауылында 2013 жылы ашылған. Бұл кешенде жас жеткіншектер бір мезгілде бокс, ауыр атлетика және күрестің бес түрі бойынша жаттығып, өз шеберлігін шыңдай алады.

«Дәулет» спорт кешені

Дәулет Тұрлыханов атындағы спорт кешені
©Әйгерім Бегімбет

Грек-рим күресінен КСРО-ның 7 дүркін чемпионы, Олимпиада ойындарының 2 дүркін жүлдегері, әлем, Еуропа және Азия чемпионы Дәулет Тұрлыхановтың есімін алған спорттық кешен Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік педогогикалық институтында орналасқан. Кешенде волейбол, баскетбол, кіші футболға арналған алаңдар бар.

Александр Винокуров атындағы велоклуб және спорт кешені

Винокуров атындағы велокулбАхметжан Есімовтың бастамасымен 2010 жылы «Алматы» велосипед клубы ашылған болатын. Онда қалалық велокоманданы және ВМХ (велосипедті мотокросс), маунтбайкты дамыту үшін қажетті жағдай жасалған. Велоклубқа  Александр Винокуровтың есімі Лондон олимпиадасындағы алтын жүлдеден кейін берілді.

Сондай-ақ, Солтүстік Қазақстан облысында Винокуров атындағы спорт кешені бар.

Серік Сәпиев атындағы бокс орталығы

Серік Сапиев атындағы бокс орталығыҚарағанды қаласында орналасқан споттық ойын-сауық орталығы 800 адамға арналған. Орталық аренада спорттың бірнеше түрінен, оның ішінде футзалдан, үстел теннисінен жарыс өткізуге болады.

Илья Ильин атындағы спорттық алаң

Илья Ильин атындағы саябақБұл спорт алаңы осыдан бірнеше жыл бұрынзілтеміршінің өз қаражаты есебінен салынған. Кейін бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі негізінде «Петро Қазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ-ның демеушілігімен 30 миллион теңге қаржы бөлініп, спорт алаңы қайта жаңғыртудан өткізілді.

Спорт алаңында шағын футбол, шахмат, балалар ойын алаңы мен тренажер және стритбол алаңдары бар.

Ольга Рыпакова атындағы жеңіл атлетика манежі

Ольга Рыпакова атындағы манежӨскеменде ашылған жеңіл атлетика манежіне Ольга Рыпакованың есімі берілетіні ол 2012 жылғы Лондон олимпиадасының чемпионы атанғанда шешілген. Орталық Азияда баламасы жоқ бұл спорт нысаны барлық халықаралық стандарттарға сай.

Алматыда Дмитрий Баландин атындағы бассейн

Дмитрий Баландин атындағы бассейнӘл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да ашылған бассейннің ұзындығы 25 метр. Жүзуден Рио олимпиадасының чемпионы Дмитрий Баландин өз сұхбаттарында бұндай құрмет көрсетіледі деп ойламағанын айтады.

Бұл Дмитридің атын алған жалғыз бассейн емес. Ақмола облысындағы Ақкөл қаласында орналасқан бассейнге де Баландиннің аты берілген. Ол бассейнінің ұзындығы 25 метр, ені 8,5 метр. Мұнда күніне 100 адам келеді. Бір жарым жылдың ішінде 600 бала суда жүзуді үйренді. Оның ішінде 30 бала бүгіндері республикалық чемпионатта облыстың намысын қорғауда.

Данияр Елеусінов атындағы бокс орталығы

Бұл орталық әлі ашылған жоқ. Алайда, 7 қыркүйек күні Рио олимпиадасының чемпионын қабылдаған БҚО әкімі Алтай Көлгінов Орал қаласында салынып жатқан оқушылар және жастар сарайындағы бокс орталығына Даниярдың атын беретінін мәлімдеді.

Әкімнің айтуынша, онда үш-төрт ринг орнатылып, балалардың жаттығуы үшін барлық жағдай жасалатын болады.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!