Ақтөбеде Құрбан айт кезінде қауіпсіздік күшейтілмек

Биыл ораза айы қарсаңында - 5 маусым күні Ақтөбеде 26 адам екі қару-жарақ дүкеніне шабуылдаған болатын. Шабуыл мен атыстан ресми мәлімет бойынша 7 адам қаза тауып, 40 шақты адам жараланған. Дереккөз: Азаттық Радиосы

0
мешіт

Құрбан айт мейрамы кезінде ақтөбеліктердің қауіпсіздігіне баса мән берілетіндігін қалалық әкімдіктегі дереккөз Азаттық тілшісіне хабарлады. Аты-жөнін атамаған дереккөзі бүгін Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испанов полиция, басқа да жауапты сала өкілдерімен бірге облыс орталығындағы мешіттерді аралап шыққанын айтқан.

-Биыл «Нұрғасыр» мешітінің жанына 8, қалалық мешіттің жанына 2 киіз үй тігіледі. Ақтөбеде бұрын соңды діни мереке кезінде осынша киіз үй тігілген емес. Ұлттық ойындар жарысын өткізуді жоспарлап отырмыз. Ал қауіпсіздік мәселесі күштік құрылымдар бақылауында – дейді имам Төлеби Оспанов.

Айта кетейік, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ақтөбедегі шабуылдан кейін – 12-30 тамыз аралығында Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарында радикалдық үш топтың сезікті 21 өкілі ұсталғаны хабарлаған.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу