Қазақстанда пәтер құны арзандап жатыр

Елімізде пәтер сатып алу қарқыны едәуір азайған. Тіпті, тұрғынүй құрылысын жақында аяқтаған компаниялар да тығырыққа тіреліп, үйлерді бөліп төлеуге дейін жеңілдік жасап жатыр. Дереккөз: 365info.kz

0
Пәтер сатып алу

Қазіргі уақытта ең арзан үйлер Орал қаласында. Арзан бағадағы үйлер Шымкентте де көбейген. Сатып алушылар саны азаюы себебінен, пәтер құны қымбатырақ қалалар Астана мен Алматыда да үй бағасы сәл арзандаған. Соңғы айдағы сараптамаға сәйкес, шаршы метрдің орташа бағасы — 387 мың 100 теңге. Ал ең төмені — 278 мың теңге. Алайда, сұраныстың азайғаны элиталық үйлерге еш әсер етпеген. Бұрынғы баға сақталған – шаршы метрі жарты миллон теңгеден жоғары сатылып жатыр.

«Саябырсып қалған жылжымайтын мүлік саудасы тек келесі жылдың басында қозғалуы мүмкін» дейді астаналық риэлторлар.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!