Д. Елеусінов 10 млн теңге сыйақысын мүгедек балаларға аударды

Оралда Елбасы тапсырмасына сәйкес салынып жатқан оқушылар және жастар сарайынан Рио олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусінов атындағы бокс орталығы ашылады. Дереккөз: ҚазАқпарат

0
Данияр Елеусінов
Бұл туралы бүгін Данияр мен оның әкесі, жеке бапкері, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Марат Елеусіновті қабылдап, құрмет көрсеткен облыс әкімі Алтай Көлгінов мәлім етті.

Орал қаласының әкімі Алтай Көлгінов Д.Елеусінов пен оның әкесі әрі бапкері Марат Елеусіновтің әрқайсысына 10 млн. теңгенің сертификатын табыс етті. Олимпиада чемпионы сол бойда алғысын білдіріп, осы қаржыны сал ауруына ұшыраған мүгедек балаларға көмек ретінде «Бәйтерек» қорына аударатынын жеткізді.

Рио Олимпиадасының чемпионы құрмет көрсетіп жатқан жерлестеріне ризашылығын білдіріп, алдағы уақытта да ел сенімін ақтау үшін еңбек ететінін жеткізді. Сонымен қатар спортшы кәсіпқой боксқа ауысаты туралы шешім қабылдамағынын айтты.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу