Астанада Құрбан айтқа мал соятын орындар белгіленді

12 қыркүйекте мұсылмандар мейрамы - Құрбан айт мерекесі басталады. Осыған орай, Астанада санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай мал соятын арнайы орындар белгіленді.

Дереккөз: Bnews.kz
0
мешіт

Олар: «Нұрбереке 555» ЖШС (Алаш тасжолы), «Айсу» ЖШС (Алаш тасжолы, 10 км), «Темеш» ШҚ («Астана – Алаш тасжолы», 7 км), «Агро Өнім Астана компаниясы» ЖШС, «Жайлау» (Алаш тасжолы, 33), «Мақсат 2007» тасжолы (Железнодорожный кенті Ажар к-сі, 20), «Шаушен» ЖШС (Алаш тасжолы, 10 км).

Құрбандыққа шалынатын малды таңдау кезінде төмендегі талаптарды ескеріңіз.

1. Сатып алу кезінде сатушыдан малға егілген вакцина туралы тиісті белгілер қойылған ветеринариялық анықтаманы көрсетуін талап етіңіз.

2. Екпе жасалған күнге баса назар аударыңыз.

3. Екпе жасалғаннан кейін мал кем дегенде 15 күн карантинде болады. Яғни, соңғы екпе 15 күн бұрын жасалуы тиіс.

Бұл туралы елорда әкімдігінің  ресми сайтында хабарланды. Сондай-ақ, заңнама нормаларына сәйкес, ішкі сауда объектілеріне, соның ішінде базарларға сату үшін түскен ет өнімдері  ілеспе ветеринариялық құжаттар болмаса, тәркіленіп, жойылады.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Пікір қосу