Сабақтан қашқан оқушылардың ата-анасы 15 мың теңге көлемінде айыппұл төлейді

Сабақтан қашқан оқушылардың ата-анасы айыппұл төлейді. Бір реттік айыппұл 7 айлық есептік көрсеткіш көлемінде. Бұл 15 мың теңгеге жуық қаржы. Ал сабақтан қашу фактілері қайталанса, ата-аналарға 42 мың теңгеден астам ақша төлеуге тура келеді. Дереккөз: Астана арнасы

6
Сабақтан қашу балалар

Алайда кейбір ата-аналар бұл айыппұлдардан да қорқатын емес. Амалы таусылған өскемендік ұстаздар полицейлермен бірге «Балаларды мектепке қайтарайық» атты акция ұйымдастырып, үй-үйді аралады. Сабаққа бармайтын балалардың ата-аналары негізінен ішімдікке салынғандар. Мәселен, Арина Тарасова биыл 1 сыныпқа баруы керек болған. Бірақ 1 қыркүйектен бері мектеп табалдырығын аттамапты. Қызының қайда екенінен маскүнем анасы да бейхабар.

Ернұр Рахимов, Өскемен қалалық ІІБ кәмелетке толмағандар ісі инспекциясының инспекторы:

127-ші бап бойынша әкімшілік айыппұл белгіленеді. 60 сағат бойы сабақты босатса, әкімшілік айыппұл 7 АЕК. Жағдай қайталанса, екінші айыппұл 20 АЕК көлемінде болады. Қазір материал жинап жатырмыз. Көршілерінен сұраймыз. Егер негіз болса, ата-ана құқығынан айырамыз.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

6 пікір

  1. Сабактан калып ата-анасымен кыдырып келип,сосын отирик ауырды деп таныс даригеринен справка жаздырып алатындарга да айыппул салу керек.

  2. Бул нарсены дурыс деп санамаймын.Ойткены бала оз кылыгына озы жауап беру кажет.Фта ананын буган катысы канша? Алде окыметке акша кажет болып жур ме?

  3. 127-ші бап бойынша әкімшілік (те) айыппұл белгіленеді. Сабақтан қашатын оқушылардға, баласын сабақтан қалдырып қыдырып кететін ата-аналарға түсіндіріп ескерту керек.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!