Бішкектегі терракт: ұйымдастырушылар анықталды

Қырғызстанның ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті 30 тамызда Бішкектегі Қытай елшілігінде болған терактіге қатысы бар деген күдіктілердің аты-жөндерін анықтады. Дереккөз: Central Asian

0
Бішкектегі терракт

Тергеу ісі Бішкектегі терактіге тапсырыс берген Сириядағы «Жабхат ән-Нусра» террористік ұйымына қосылған ұйғыр террористік тобы деп атады. Оның шабармандары «Жамаат Таухид ва жихад» халықаралық террористік ұйымының жетекшісі Абу Салоха  арқылы іс-қимылдар жасайды. Абу Сахола (Сирожиддин Мұхтаров) 1971 жылы туған, Кашкар-Кыштак ауылы, Кара-Су ауданының тумасы. Оған мемлекетаралық іздеу жарияланған.

Қырғызстанның арнайы қызметі терактіні ұйымдастырған деген күдікпен бас адамның ұсталғанын, төртеуіне іздеу жарияланғанын айтады. Террорист-жанкешті 33 жаста, ұлты ұйғыр. Қалтасынан Тәжікстанның төлқұжаты табылған. Төлқұжат 1983 жылы туған Зоир Халиловтың атына берілген.  Арнайы қызмет террористі «Шығыс Түркістандағы ислам қозғалысы» ұйымының мүшесі болған деп нақтылайды.

Арнайы қызметтің мәліметі бойынша, терактінің басты ұйымдастырушысы Иззотилло Саттыбаев (лақап аты Али), 1991 жылы туған. Ол – Ош қаласының тумасы, ұлты өзбек, Сирияда террористердің қолында арнайы жаттығудан өтіп келген. Сонымен бірге арнайы қызмет террористерге көмектескен бірнеше адамды ұстағағанын мәлімдеді.

Естеріңізге сала кетейік, 30 тамыз күні Бішкекте террорист-жанкешті «Мицубиси Делика» автокөлігімен Қытай елшілігінің батыс бетіндегі сыртқы қақпасын соғып, дипломатиялық өкілдіктің аумағына кіріп, көлікте орнатылған жарылғыш затты жарып жіберген. Нәтижесінде елшілік ғимараты айтарлықтай зардап шекті. Елшілікте бағбан болып жұмыс істейтін Қырғызстанның екі азаматы жарылыстан көз жұмды.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!