Данияр Елеусінов кәсіпқой боксқа ауыспақ

Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов кәсіпқой боксқа ауысатын болды. Ол жақында АҚШ-та жүрген ағасы Дәуреннің жанына барады. Мұны америкалық Boxing News журналы мәлім етті. Дереккөз: Bnews.kz

0
Құрама капитаны - Данияр Елеусінов

«25 жастағы жартылай орта салмақтағы қазақстандық боксшы Бруклинде (Нью-Йорк) промоутера Лу Ди Белланың қол астында жаттығу жасап жүрген ағасы Дәуреннің жанына баратыны мәлім болды», – деп жазыпты Boxing News.

Мұның алдында боксшы ақпарат құралдарына берген сұхбатында: «Алдағы уақытта не боларын бір Алла ғана біледі. Алдын ала ештеңе айтпай-ақ қояйын. Әзірге ешбір промоутерден нақты ұсыныс түскен жоқ» – деген еді.

Тек белгілі болғаны – ресейлік Владимир Хрюнов Елеусіновпен жұмыс істеуге дайын. Bleacher Report порталының хабарлауынша, Елеусінов кәсіпқой боксқа ауысып жатса, ұзақ жылдар бойы жартылай орта салмақтың үздігі болары сөзсіз.

Айта кетейік, Даниярдың ағасы 31 жастағы Дәурен Елеусінов әуесқой бокста Қазақстан чемпионы болған. 2014 жылы кәсіпқой боксқа ауысып, бүгінге дейін бас-аяғы 6 кездесу өткізді. Бес қарсыласын нокаутпен ұтты, бір жекпе-жегінде тең түсті.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!