Таудағы шыны көпір. Алматыда экстермалдық аттракцион пайда болады

Аттракционның құрылысы 2018-2020 жылдары аралығында салынбақ, ол өзін-өзі бес-жеті жылда ақтайды деген жоспар бар. Дереккөз: tengrinews.kz

0
Шыны көпір
Көрнекі сурет

Қалалық туризм бақармасының басшысы Тимур Дүйсенғалиев мәлімдеуінше, көпірдің бюджеті 30 миллион еуроны құрайды. Жобаны инвесторлар қаржыландырады. Бұл туралы tengrinews.kz хабарлайды.

“Барлық алматылық Шымбұлақ таулы курортының қайда орналасқанын біледі, онда қара шың бар, ол Чкалов шыңы. Біз онда тағы бір бекет салып ерекше аттракцион салмақпыз, – деді Дүйсенғалиев. – Оны Нұрсұлтан шыңына дейін жалғауымыз мүмкін. Осылайша біз туристтік маусымның уақытын созбақпыз. Аттракционның жанында тамақ ішетін жер болады. Жобаның моделі шетелдерде танымалдыққа ие. Бұл жобаға негізінен инвесторлар тобы тартылатын шығар, біз қазіргі кезде “Шымбұлақ” таулы курортының жаңа басшылығымен келісім жүргізіп жатырмыз, олар да осы жобаға қосылуы мүмкін”, – деді Дүйсенғалиев.

“Біз туристерге де бар жағдайды жасауымыз тиіс. Маршрутты Үшқоңырдан Көлсайға дейін созуға болады, – дейді сұхбаттасушы.

Болашақта Алматыда салынатын шыны көпірлер Қытайда және Еуропада бар.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу