Назарбаев пен Ердоған ресейлік Су-24 ұшағы апатын талқылады

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоған телефон арқылы ресейлік Су-24 ұшағы апатын талқылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Дереккөз: Tengrinews.kz

0
Назарбаев Ердоған

Мемлекеттер басшылары екіжақты қарым-қатынастардың ахуалы мен келешегін, сондай-ақ бірқатар өңірлік және халықаралық өзекті мәселелерді талқылады. Тараптар Сириядағы дағдарыс жағдайы мен ресейлік Су-24М ұшағына қатысты оқиға төңірегінде пікір алмасты.

Қазақстан Президенті болған оқиғаға байланысты өкініш білдіріп, ресей-түркия қарым-қатынасының нашарлауына алаңдаушылығын жеткізді. Мемлекет басшысы бұл байланыстар ұзақ жылдар бойы қалыптасқандықтан, тараптар оны сақтап қалу үшін жауапкершілік танытуы қажеттігін атап өтті. Осыған байланысты оқиғаны анықтап, қалыптасқан жағдайдан шығу үшін екіжақты комиссия құру ұсынылды.

Ердоған өз кезегінде Ресей Президенті Путинмен таяу арада кездесуге дайын екенін айтты. Нұрсұлтан Назарбаев жағдайды ушықтырмау үшін тараптар мүмкін болатын барлық шараны пайдаланатынына үміт білдірді. Телефон арқылы сөйлесуге түрік жағы бастамашылық етті.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу