Бақытбек Есентаевқа қандай айып тағылды?

Бақытбек Есентаевқа қатысты істің алдын ала сот тыңдалымы 14 қыркүйекте өтеді. Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА тілішісіне Алматы облыстық сотының ақпаратпен қамтамасыз ету бөлімі хабарлады.

Дереккөз: ҚазАқпарат
0
Баян Есентаева

«Қаскеленде Қарасай аудандық соты ғимаратында сот тыңдалымы өтеді», — делінген облыстық соттың хабарламасында.

Бақытбек Есентаевқа қатысты істің алдын ала сот тыңдалымы 14 қыркүйек күні сағат 11:00-ге белгіленді. Істі Алматы облысы қылмыстық істер бойынша ауданаралық соттың судьясы Ләззат Ілиясова қарайды.

Қазіргі уақытта тергеу ісі аяқталды. Күдіктіге ҚР ҚК-нің 24 бабы 3 бөлімінен 99 бабы 1 бөлімі («Кісі өлтіруге оқталу») бойынша айып тағылды. Іс қылмыстық істер бойынша арнайы мамандандырылған сотқа жіберілді.

Еске салсақ, 10 маусымда Баян Есентаева ми жарақаты, мұрны сынып, пышақ жарақаттарымен Талғар ауруханасына жеткізілген. Кейін анықталғандай, оны жұбайы Бақытбек Есентаев жанжал барысында жарақаттағаны анықталды. Ол Талғар АІІБ-ге жеткізілді, кейіннен УҰИ-ға қамауға алынды. Тұтқындау мерзімі 10 қыркүйекке дейін ұзартылды.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Пікір қосу