Көшпенділер-2016. Қазақстан 2-орында келеді

Қырғызстанда өтіп жатқан Көшпелілер-2016 ойындарында Қазақстан 8 медальмен жалпыкомандалық есепте екінші орында келеді.

Дереккөз: Baq.kz
0
Көшпенділер
Көрнекі сурет

Қазақстан құрамасы әзірше Ресейге жол беруде. Ресей командасының қоржынында 13 медаль (10 алтын, 2 күміс және 1 қола) бар. Отандастарымыз 4 алтын, 2 күміс және 2 қоланы еншілеп, екінші орында келеді. Ал үшінші орында — Грузия. Оның қоржынында 2 алтын мен 1 күміс медаль бар. Шараның ұйымдастырушысы — Қырғызстан 14 медалмен ( 1 алтын, 3 күміс, 10 қола) төртінші орында тұр.

Еске сала кетейік, II Дүниежүзілік көшпелілер ойындары 25 спорт түрі бойынша қыркүйектің 8-іне дейін өткізіледі. Жаһандық додаға 58-ден астам елдің 600 жүзге жуық спортшысы қатысуда. Америкалық спортшылар аталмыш жарысқа алғаш қатысушылар қатарынан. Еліміздің намысын 75 спортшы қорғауда.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Пікір қосу