Төрт ЖОО-ның ректоры ауысады

ҚР Білім және ғылым министрлігі төрт жоғарғы оқу орынының ректорларының бос орындарына конкурс жариялады. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.

Дереккөз: tengrinews.kz
1
Атырау мемлекеттік университеті
©univerlife.kz

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің, Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің, Павлодар және Қостанай мемлекеттік педагогикалық институттарының ректорлары лауазымдарына конкурс жариялады.

Білім ордаларының ректорларын сайлау жөніндегі ашық конкурс алғашқы рет өткізілмек.

Үміткерлерді іріктеу және тағайындау  «Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидаларын бекіту туралы» ережелердің 4-1 тарауына сәйкес жүргізіледі.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар мен талаптар «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде және www.edu.gov.kz ҚР БҒМ сайтында әрбір ЖОО бойынша бөлек-бөлек жарияланған күннен бастап 21 (жиырма бір) күнтізбелік күн бойы қабылданады.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

1 пікір

  1. Біз де ректордың ауысуын қалаймыз. Ол үшін не істеу керек? Бұл 4 университет осындай дәрежеге қалай жетті?

Пікір қосу