Риодағы Олимпиадада Қазақстанның туы көтерілді

Рио-де-Жанейродағы Олимпиада қалашығында Қазақстан туы көтерілді. Ертең қалада XV Жазғы Паралимпиада ойындары басталады.

0
Паралимпиада 2016

Бұл туралы Инстаграм парақшасында ҚР Ұлттық Паралимпиада комитетінің президенті Қайрат Боранбаев хабарлады.

7-18 қыркүйек аралығында Рио Паралимпиадасында спорттың 22 түрінен 528 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Қазақстан Паралимпиада спорты тарихында алғаш рет 11 жолдама жеңіп алып, спорттың бес түрінен ел намысын қорғайды.

Қазақстан паралимпиада құрамы

Қазақстанның паралимпиада құрамасының құрамы:

  1. Гүлбану Әбдіқалықова — пауэрлифтинг (Алматы қ.)
  2. Вадим Дукарт — пауэрлифтинг (Ақмола обл.)
  3. Раушан Қойшыбаева — пауэрлифтинг (Алматы обл.)
  4. Әнуар Ахметов — жүзу (Астана)
  5. Роман Агалаков — жүзу (ОҚО)
  6. Зульфия Ғабидуллина — жүзу (Жамбыл обл.)
  7. Наталья Звягинцева — жүзу (Қарағанды обл.)
  8. Әнуар Сариев — дзюдо (Атырау обл.)
  9. Аманат Қалкаев — жеңіл атлетика (Алматы қ.)
  10.   Александр Медведев — садақ ату (Павлодар обл.)
  11.   Құралбай Орынбасар — дзюдо (ОҚО).

Еске сала кетейік, Лондондағы паралимпиада ойындарына қазақ елінен 7 спортшы 3 спорт түрінен өнер көрсеткен болатын. Оның ішінде үшеуі үздік ондыққа кірді.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Пікір қосу