Samsung Galaxy Note 7 смартфоны сатылымын тоқтатты

19 тамыздан бастап сатылымға шыққан Samsung Galaxy Note 7 смартфоны батареясынан ақау табылған. Бұл туралы Риа Новости хабарлады.

0
Samsung Galaxy Note 7
Көрнекі сурет

Samsung Electronics компаниясы ұялы телефон батареясының жарылу қаупі болғандықтан Galaxy Note 7 гаджетінің сатылымын тоқтатты. Себебі  мұндай батареялар смартфонның өздігінен жарылып кетуіне әкелуі мүмкін. Енді компания екі апта ішінде сатылып кеткен  смартфондардың батареяларын ауыстырумен айналысып жатыр. Ал, смартфондардың қайта сатылымға қашан шығатыны әлі белгісіз.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!