Мемлекеттік бағдарламалар арқылы пәтер алуға болатын тұрғын үйлер

ҚР Ұлттық экономика министрлігінің өкілдері пәтер мәселесін шешетін тұрғын үй құрылысының сегіз бағытын атады.

Дереккөз: tengrinews.kz
0
Пәтер сатып алу

Жергілікті атқарушы органдарда кезекте тұрған азаматтар үшін салынатын жалға берілетін тұрғын үйлер.

Тұрғын үйді бөлуді жергілікті атқарушы органдардың жанындағы тұрғын үй комиссиялары жүзеге асырады. Пәтер беру кезек бойынша жүзеге асырылады. 2016 жылы 754 пәтер салу жоспарланған.

Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы жүзеге асатын жергілікті атқарушы органдар мен «Бәйтерек девелопмент» АҚ-тың кредиттік тұрғын үйі

Кредиттік тұрғын үй ҚТҚЖБ салымшылары мен жергілікті атқарушы органдарда кезекте тұрғандарға беріледі. Республикалық бюджеттен қаржыландыру кезінде құрылыстың бір шаршы метрінің құны Астана және Алматы қалаларында 142,5 мың теңгені, қалған өңірлерде – 110 мың теңгені құрайды.

Жергілікті атқарушы органдардың облигациялар шығару есебінен қаржыландырылған жағдайда бір шаршы метрдің  құны Астана және Алматы қалаларында 180 мың теңге болса, өңірлерде — 140 мың теңгені құрайды.

ТҮҚЖ жүйесі арқылы іске асыру үшін «Бәйтерек девелопмент» АҚ кредиттік тұрғын үйі

Кредиттік тұрғын үй ҚТҮҚЖБ салымшылар арасында бөлінеді. Құрылыстың бір шаршы метрінің құны Астана және Алматы қалаларында 200 мың теңгеге, өңірлерде — 180 мың теңгеге бағаланған.

ҚТҮҚЖБ арқылы жас отбасылар үшін жалға берілетін тұрғын үй

Тұрғын үй ҚТҚЖБ салымшылары санынан, екі жылдан кем емес некеде тұрған және  жұбайлардың екеуінің жасы 29-ға толмаған жас отбасыларға беріледі. Құрылысты жергілікті атқарушы органдар жүргізеді. Осы бағыт бойынша биылғы жылы шамамен 400 пәтер пайдалануға беріледі. Бір шаршы метрдің құны Астана және Алматы қалаларында 142,5 мың теңге, басқа өңірлерде — 110 мың теңге.

«Қазақстан Ипотекалық компаниясы» АҚ-тың жалға берілетін тұрғын үйі

Тұрғын үйдің 50 пайызы 35 жасқа толмаған жергілікті атқарушы органдарда кезекте тұрғандар үшін салынады, жартысы басқа кезекте тұрған азаматтар арасында бөлінеді. Бір шаршы метрдің құны Астана және Алматы қалаларында 200 мың теңгені, өңірлерде — 180 мың теңгені құрайды.

«Жылжымайтын мүлік қоры» АҚ-тың коммерциялық тұрғын үйі

Бұл тұрғын үйден кез келген азамат пәтер ала алады. 2016 жылы осы бағыт бойынша Ұлттық қордан 97 млрд. теңге бөлінді. Шамамен 11 мың пәтер салу жоспарланып отыр. Бір шаршы метрдің  құны Астана мен Алматы қалаларында  288 мың теңгені, өңірлерде — 240 мың теңгені құрайтын болады.

«Жылжымайтын мүлік қоры» АҚ арқылы жалға берілетін тұрғын үй

Тұрғын үй жергілікті атқарушы органдарда кезекте тұрғандарға кейін сатып алумен жалға немесе тікелей сатып алуға ұсынылады.

«Бәйтерек Девелопмент» АҚ арқылы жалға берілетін тұрғын үй

Тұрғын үй заңнамасымен айқындалған кезекте сатып алу немесе сатып алусыз жалға берілетін тұрғын үй жергілікті атқарушы органдары арқылы кезекте тұрған азаматтарға беріледі.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Пікір қосу