Қанат Исламның қарсыласы анықталды

Қанат Исламның қарсыласы белгілі болды. Орта жеңіл салмақ бойынша Кариб аймағының үздігі, WBA FedeCaribe тұжырымының чемпионы отандасымыз кәсіпқой боксшы Қанат Ислам 29 қазанда Алматы қаласында өзінің 22- кездесуін өткізеді. Дереккөз: Baq.kz

0
Патрик Аллотей
http://mmanytt.se/

Қарсыласы Ганалық Патрик Аллотей (Patrick Allotey) – кәсіпқой бокста «Улы жебе» лақап атымен танылған боксшы. Осы уақытқа дейін ол өзінің 36 кездесуін өткізген. 2 рет жеңіліп, 34 жекпе-жегінде жеңіске жеткен. 24 кездесуінде қарсыласын нокаутпен жеңген.

Соққысы жойқын, тәжірибелі Патрик Аллотеймен Қанат Ислам WBA (Interim) тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағы үшін жұдырықтасады. Бұл кездесу осы жылдың айтулы оқиғасы болмақ. Жекпе-жек Алматы қаласында «Almaty arena» спорт кешенінде өтеді.

Отандасымыз кәсіпқой боксшы Қанат Ислам осы уақытқа дейін 21 кездесу өткізіп, бәрінде жеңіске жеткен. Оның 18-ін нокаутпен ұтқан. Лақап аты «Қазақ». Бокс кешінде басқа да қазақстандық кәсіпқой боксшылар жұдырықтасады деп жоспарлануда.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!