БҚО-да Азамат соғысындағы снаряд табылды

Ақжайық ауданы Ілбішін ауылының тұрғыны үйіне су өткізбекші болып, қазу жұмыстарымен айналысқан кезде Азамат соғысынан қалған снарядты тапты.

Дереккөз: ҚазАқпарат
0
Азамат соғысынан қалған снаряд
БҚО. Азамат соғысынан қалған снаряд

БҚО ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, тұрғынның үйінен 5 метр жерде жатқан снарядтың ұзындығы 32 см, диаметрі 76 мм болып шықты.

Жарылғыш зат арнайы мамандардың қатысуымен барлық қауіпсіздік шаралары қолданыла отырып, жойылды.

Айта кетейік, БҚО аумағында Азамат және Ұлы Отан соғысы кезінен қалған снарядтар бұдан бұрын да табылған болатын.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Пікір қосу