Қазақ жігіті «Жиырмалық саммитінде» ерікті болып жұмыс істейді

Қазіргі уақытта Чжэцзян университетінде оқып жатқан Қазақстаннан 24 жастағы Дао Лан (Эльдар Төлеш) «Жиырмалық тобының» саммитінде ерікті болып жұмыс істейді.  Дереккөз: ҚазАқпарат

0
Жиырмалық саммит
ҚазАқпарат

Дао Лан – Элдардың қытайлық есімі. 4-5 қыркүйекте Чжэцзян провинциясының әкімшілік орталығы – Ханчжоу қаласында әлемдік деңгейдегі «Жиырмалық тобы» саммиті өтеді.

Еріктілер жұмысына қатысу үшін 15 ЖОО-дан 4000-нан астам студент іріктелген. Олардың 20-дан астамы шетелдік, 14 елден (Ресей, Қазақстан, Германия, Австралия, Перу, Индонезия, Мысыр және т.б.) келгендер. Шетел еріктісі ретінде Дао Лан қытайлық еріктілермен бірге қонақтарды қарсы алуға, БАҚ өкілдерін қабылдауға, консультативтік кеңес көрсетуге қатысады.

1992 жылы туған Дао Лан Қытайға 2012 жылы келген. Чжэцзянск университетке түсер алдында. Шанхайдағы Тунцзи университетінде қытай тілін үйренген.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу