Жарнамалық ролик Almaty for more than 1000 years and counting, яғни «Алматыға 1000 жыл, тарих жалғасуда» деп аталады. Бір көргенде роликтің қалаға қаншалықты қатысы бар деп қалуыңыз мүмкін. Түсіндіре кетейік, Алматы қаласы бейнероликте қыздың кейпінде суреттелген. Кадр сыртындағы мәтін Алматы-қыздың дауысы «Мен Алматымын. Мен аспанмен астатқан таулармын. Саяхат басталатын және армандар шындыққа айналатын, керуен көшіп, жүректер атқақтайтын мекенмін. Алматыға 1000 жыл, бірақ тарих әлі жазылып жатыр»,-дейді. Ролик соңында оңтүстік астананың логотипі бой көрсетеді.

Естеріңізге салайық, Алматы қаласы туралы алғашқы ролик  BBC World News  арнасына шілде айының ортасында шыққан болатын.

 

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!